Астана-Қарағанды тасжолының бір бөлігі уақытша жабылды

Бүгін, 18:06
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views61
Астана-Қарағанды тасжолының бір бөлігі уақытша жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана-Қарағанды тасжолының Б.Момышұлы даңғылынан А-135 көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты 24 қыркүйек пен 2 қазан аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.