Астаналық зейнеткерлерге қарттар күніне орай қанша ақша беріледі

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Қарттар мерекесіне орай зейнеткерлер бір реттік төлем алады. Бұл туралы Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Астана қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлеккеттік корпорациясы» КЕАҚ жіберілген тізім бойынша 100 мыңнан астам зейнеткерлер қамтылады.
«1 қазан қарттар күні мерекесіне орай зейнеткерлерге және ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 2,5 айлық есептік көрсеткіш (9830 теңге) көлеміндегі ақшалай төлем түрінде біржолғы төлем аударылады», - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар