Елордада Қазақстан бокс федерациясы кубогының ширек финалы өтеді

Бүгін, 13:17
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views68
Елордада Қазақстан бокс федерациясы кубогының ширек финалы өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 30 қыркүйектен 4 қазанға дейін республикалық турнир – «Қазақстан бокс федерациясы кубогының» ширек финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Турнирге Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының боксшылары қатысады.

Ерлер арасындағы сайыстар 8 салмақ дәрежесінде өтеді: 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг.

Әйелдер 7 салмақ дәрежесінде үздіктерді анықтайды: 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг.

Бұл кезеңде елдің ең үздік боксшылары жартылай финалға шығу үшін күш сынасады. Турнирдің басты мақсаты – Астанада әуесқой боксты дамыту және қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ қатысушылар арасынан ең мықты команданы анықтау.

Турнирді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Елорда бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.