Мектептер мен балабақшаларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі

Бүгін, 16:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views62
Мектептер мен балабақшаларда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Заңда мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерге санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізудің жаңа тетіктері қарастырылған. Алдын алу шараларына нысандарды бақылау, хабарлаусыз тексерулер, балалардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төнгенде қызметтi жедел тоқтату немесе тыйым салу жатады.

Бұл ретте мектеп, балабақша, денсаулық сақтау мекемелерінің директорлары қаржыландыруды талап ететін бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатылады. Бұл жауапкершілік бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жүктеледі.

Бала құқықтарының қорғалуын қадағалау да күшейтіледі. Бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында және балалардың құқықтарын қорғау органдарында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады. Бұл тексерулер шағымдар немесе бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары негізінде және алдын ала ескертусіз тағайындалады. Білім беру ұйымдарын аттестаттау тәртібі де қайта қаралады.