Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Бүгін, 10:36
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views61
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирде жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Финалда Бублик Франция атынан сынға түскен Валентен Руайемен кездесті.

Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисші 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұл – Бубликтің биылғы маусымдағы бесінші трофейі.