Шымкенттегі Жұмат Шанин театры елордаға гастрольдік сапармен келеді

Бүгін, 15:02
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views47
Шымкенттегі Жұмат Шанин театры елордаға гастрольдік сапармен келеді
Фото: Жұмат Шанин театрынан

Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры 4, 5 қазан күндері Астана қаласына «Шымнан шуақ» атты гастрольдік сапармен арнайы келіп, қала тұрғындары мен қонақтарына өнер көрсетеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында 4 қазан күні сағат 19:00-де жазушы Сәбит Мұқановтың махаббаттың қоғамдағы қиындықтармен күресуі туралы «Мөлдір махаббат» драмасы қойылады.

Сонымен қатар 5 қазан күні сағат 11:00-де Назерке Құмарғалиеваның бүлдіршіндерге арналған «Есте сақта, балақай!» танымдық-интеллектуалды драмасы сағат 15:00, ал 19:00-де башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтің ана құшағын аңсаған балалар туралы «Тастамашы, ана!» спектаклі сахналанады.

«Мөлдір махаббат» драмасының қоюшы режиссері – Ұлан Болатбек, қоюшы суретшісі – Ербол Қантураев.

«Тастамашы, ана!» драмасының қоюшы режиссері – Әли Бидахмет, қоюшы суретшісі – Ербол Қантураев.

«Есте сақта, балақай!» танымдық-интеллектуалды драмасының қоюшы режиссері – Еркебұлан Қабдыл, қоюшы суретшісі – Ербол Қантураев.