Желіде футбол билетін сатқан: Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарын полиция тексеруі мүмкін

Желіде футбол билетін сатқан: Сәкен Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлдарын полиция тексеруі мүмкін
Фото: Бақытжан Отарбаева

Қайрат-Реал-Мадрид матчының билеттерін әлеуметтік желідегі парақшасында ақша қосып сатқан Сәкен Майғазиветің ұлы Әділет Майғазиев пен Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановты полиция тексеруі мүмкін. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. 

БАҚ өкілдерінің сөзінше, қос әншінің ұлдары 35 мың теңге тұратын футбол билеттерін 600 мың теңгеге сатқан. 

«Бұл ақпаратты сіздерден естіп отырмын. Бірақ біз тексеруге дайынбыз. Ол үшін бізге қандай да бір адам ресми түрде арыз жазуы керек, сол кезде біз тәртіп бойынша міндетті түрде тексереміз», -  деді Әділов.