«Астана Балет» театры халықаралық фестивальде күміс жүлдеге ие болды

Фото: Instagram/astanaballet
«Астана Балет» театры Cheonan World Dance Festival 2025 атты халықаралық фестивальде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Аталмыш фестиваль Оңтүстік Кореядағы Чхонан қаласында 24-28 қыркүйек аралығында өтті. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 4000-нан астам биші жиналды. Олар түрлі мемлекеттердің мәдениетін таныстырып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Әлемдік сахна төрінде қазақ би өнерінің жауһарына айналған, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айгүл Тәтидің хореографиясына қойылған «Ұлы Дала мұрасы» ұлттық концерттік бағдарламасы ұсынылды.
«Астана Балет» театрының әлемдік сахнада өнер көрсетуі қазақ мәдениетінің ғасырлар бойғы мұрасын көпшілікке насихаттауға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар

26 қыркүйек, 2025
Димаштың халықаралық жобасының түсірілімі Алматыдағы туристік орындарда өтті

26 қыркүйек, 2025
Астаналықтар мюзикл әлеміне саяхат жасады

26 қыркүйек, 2025
Аида Балаева: «Көшбасшы, білімді әйелдер еңбегі – Қазақстан тарихының жаңа белесі»

26 қыркүйек, 2025
Астанада «Оғыз далалық мәдениетінің іздері» атты халықаралық көрме ашылды