Алматыда «Реал» футболшыларын мыңдаған қазақстандық жанкүйер күтіп алды (ВИДЕО)
29 қыркүйек, 2025
Фото: instagram/realmadrid
Алматыға Испанияның «Реал Мадрид» клубының футболшылары келді. Әуежайдан жұлдызды футболшыларды мыңдаған жанкүйер күтіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Корольдік клубтың» ойыншылары қаладағы InterContinental қонақүйіне жайғасты. Бұл – бес жұлдызды отель, ол Алматыдағы Орталық стадионнан небәрі 10 минуттық қашықтықта орналасқан.
Әлемнің ең атақты клубтарының бірі саналатын «Реалды» өз көздерімен көруге асық жанкүйерлер әуежайда жиналды. Полиция тәртіпті қадағалап, қауіпсіздікті күшейтті.
Оқи отырыңыз: «Қайрат» футболдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды
Еске сала кетейік, «Қайрат» – «Реал» ойыны Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:49
Қазақстандық муайтайшылар халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті
30 наурыз, 2026
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30 наурыз, 2026
Велотректен Азия чемпионаты: Қазақстан үш медаль жеңіп алды
29 наурыз, 2026
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші жүлдесін жеңіп алды