Қазақстан батуттағы гимнастикадан қола медаль жеңіп алды

Бүгін, 10:43
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views47
Қазақстан батуттағы гимнастикадан қола медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан Варнада (Болгария) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде жүлдегер атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аралас синхронды секіруде қазақстандықтар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Бұл сында Виктория Бутолина мен Ерлан Тасмағамбетов 49.680 ұпай жинап, жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бірінші орынды жапониялық Юсей Мацумото мен Хикару Мори (50.330) иеленсе, ресейлік Данила Касимов пен Анжела Бладцева 50.290 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.