«Сізге сыйлық бар!»: полиция азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырады

Полиция азаматтарды абай болуға, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеуге және кез келген ақпаратты бірнеше рет тексеруге шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алаяқтардан айла артылар емес. Олар туған күніңізді біліп алып, сізге хабарласады. «Сізге сыйлық бар, мекенжайыңызды айтыңызшы» деп сенімге кіріп, өздеріне қажет деректі білуге тырысады.
Әңгіме арасында жеке мәліметтерді айтуды талап етеді. Егер ақпаратты беріп қойсаңыз, банк картаңыздағы ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
Есіңізде болсын:
- Жеке мәліметтеріңізді ешкімге жария етпеңіз;
- карта нөмірі, CVV-код, бір реттік код – құпия ақпарат;
- «курьер» немесе «банк қызметкері» деп хабарласқандарға сенбеңіз. Ресми нөмірге өзіңіз қоңырау шалып, анық-қанығын біліңіз;
- бейтаныс адамға ақша аудармаңыз;
- күмән туындаса, дереу банкке хабарласып картаңызды бұғаттаңыз.
«Егер абайсызда алаяқтарға алданып қалсаңыз – ең бірінші картаңызды бұғаттап, банкке хабарласыңыз. Артынша дереу полицияға қоңырау шалыңыз.
Бұл туралы жақындарыңызға, әсіресе ата-ана мен ата-әжелеріңізге ескертіңіз. Көп жағдайда адамдар құпия ақпаратты өздері айтып қояды», - делінген хабарламада.



