Қазақстандық өзін шетелден экстрадициялау үшін жұмсалған 1,7 млн теңгені мемлекетке қайтарды

2 қазан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views67
Қазақстандық өзін шетелден экстрадициялау үшін жұмсалған 1,7 млн теңгені мемлекетке қайтарды
Фото: freepik.com

Мемлекетке келтірілген 1,7 млн теңге көлеміндегі процестік шығындар қайтарылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Шымкент қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, халықаралық іздеуде жүрген сотталушы 2024 жылдың шілде айында Грузияда ұсталған.

Оны Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығынды өтеу туралы талабы толық қанағаттандырылған.

«Бүгінгі таңда қозғалған атқарушылық іс жүргізу құжаты негізінде борышкерден барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді», - делінген хабарламада.