Алматыда синтетикалық есірткі таратып жүрген күдікті ұсталды

Алматыда полиция қызметкерлері синтетикалық есірткі таратып жүрген жас жігітті қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары жедел іс-шара барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігіттің заңсыз әрекетінің жолын кесті. Тыйым салынған зат тәркіленіп, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
«Әрбір есірткі затын анықтап, тәркілеу – азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған нақты қадам. Алматы полициясы «Заң және тәртіп» қағидасын жүйелі түрде жүзеге асырып, жастар арасында есірткі тұтынудың алдын алуға және тарату арналарының жолын кесуге ерекше мән береді. Біз есірткі қылмысының кез келген түріне қатаң қарсы тұруды жалғастырамыз», – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.



