Астанада заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Бүгін, 10:34
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views42
Астанада заңсыз көші-қон ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
Фото: polisia.kz

Ауқымды арнайы операция нәтижесінде Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, облыстық прокуратураның үйлестіруімен елорда аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы Целиноград ауданы Талапкер ауылының 49 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Қазақстан аумағына келген шетелдік азаматтарды тауып, оларға уақытша тұруға, тіркелуге немесе тұруға ықтиярхат алуға жәрдемдесуді ұсынған. Бұл қызметке өзге тұлғалар да тартылып, қылмыстық топ құрылымдық түрде жұмыс істеген.

Фигуранттар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы көрсеткен қызметтері үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары айғақ заттар – құжаттар, мөрлер мен анықтамаларды тәркіледі.

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қон фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, топтың өзге де заңсыз әрекеттері мұқият тексерілуде», - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.