Астанада пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған алаяқ сотталды

Бүгін, 13:21
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views53
Астанада пәтерлер мен жер учаскелерін төмен бағада ұсынған алаяқ сотталды
Фото: freepik.com

Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден аса залал келтіргенін анықтады. Бұл туралы Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Қалалық прокуратураның мәліметінше, алаяқ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті төмендетілген бағамен сатып алуға көмектесемін деп уәде берген. Жәбірленушілерден ірі мөлшерде ақша қаражатын алған соң, ол қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

«Жәбірленуші кінәлі тұлғаға жер учаскесін төмен бағамен сатып алу және ұлттық компанияға жұмысқа орналастыру үшін 7 млн теңге берген. Алайда сотталушы өз уәдесін орындамаған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеп, оның 8 жәбірленушіге 49 млн теңгеден аса залал келтіргенін анықтады», - делінген хабарламада. 

Сот үкімімен оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.