Алматы облысындағы жан түршігерлік жол апаты: 8 адам қаза тапты

Алматы облысындағы жан түршігерлік жол апаты: 8 адам қаза тапты
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қазавтожол кеше кешке Алматы облысында тас жолда болған жол апатына қатысты мәлімет таратты.

Қазавтожол мәліметінше, 2025 жылғы 29 қыркүйек сағат 23:50 шамасында Алматы облысында республикалық маңызы бар KAZ 06 «РФ шекарасы (Жайсан бекеті) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтак – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас (Нұр жолы бекеті)» автожолында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Автожолдың 107 шақырымы + 300 метрінде Беріктас ауылының маңында Lexus автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, батыс бағытта келе жатқан Toyota Alphard автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тапты.

Құрметті жүргізушілер!
Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырамыз. Жолдағы қауіпсіздік - әрбір жүргізушінің жауапкершілігінде, - деп жазды Қазавтожол.