Ұландық сарбаздар қазақ күресінен өткен турнирде қола жүлдеге ие болды

Бүгін, 19:00
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views61
Ұландық сарбаздар қазақ күресінен өткен турнирде қола жүлдеге ие болды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының әскери қызметшілері  қазақ күресінен республикалық «Әскери барыс» турниріне қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жарысты Армия орталық спорт клубы ұйымдастырды. 90 келіден жоғары бір ғана салмақ дәрежесінде  еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерінен келген 20 команданың құрамындағы 44-тен астам спортшы өзара бақ сынады.

Қызу тартыстың қорытындысы бойынша Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау взводының аға сарбазы ефрейтор Жандос Сейтенов жоғары деңгейдегі дайындығы мен қайсарлығын көрсетіп, қола жүлдеге ие болды.

Бұдан бөлек, Қостанай қаласында Ахмет Байтұрсынұлының құрметіне арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтті.

Бұл жарыста да Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аға сержанты Бекзат Алтынбаев үшінші орынды иеленді.