«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалауға шетелден 5 мыңға жуық жанкүйер келген

Бүгін, 12:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views40
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалауға шетелден 5 мыңға жуық жанкүйер келген
Фото: Алматы қаласының әкімдігінен

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Қазақстанның өзге өңірлерінен барған жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы e-Qonaq ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.

Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ.

Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға барған шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.

Оқи отырыңыз: «Қайрат» – «Реал Мадрид»: футбол жанкүйері үйінің қақпасын қос команданың логотипімен безендірді

Айта кетейік, бүгін сағат 21:45-те «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы тарихи матч басталады. Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.