Қазақстан Трамптың Газа секторындағы бітімгерлік жоспарын қолдайды

Бүгін, 12:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views67
Қазақстан Трамптың Газа секторындағы бітімгерлік жоспарын қолдайды
Фото: Руслан Желдібайдың Telegram-арнасынан

Қазақстан АҚШ Президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтатуға арналған жан-жақты бітімгерлік жоспарын қолдайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-арнасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз бұл бастаманы Таяу Шығыстағы ахуалды реттеуге, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, аталған аймақта бейбітшілік орнатуға бірегей мүмкіндік әрі маңызды қадам ретінде қарастыратынын мәлімдеді.