Елде 300-ден астам балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді

Бүгін, 13:33
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views58
Елде 300-ден астам  балаға қосымша білім алу бойынша ваучер берілді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап Қазақстанда қосымша білім беру ұйымдарына ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Біріңғай мемлекеттік тапсырысты орналастырудың пилоттық жобасы Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – оқушыларды шығармашылық, спорттық және білім беру бағытындағы тегін үйірмелер мен секциялармен кеңінен қамту.

«Бүгінгі күні 300 мыңнан астам бала қосымша білімге ваучер алды. Ата-аналар өз балалары үшін үйірмелер мен секциялар өздері таңдайды. Қажет болған жағдайда олар құжаттарды қайта тапсырмай-ақ, үйірмені өзгерте алады. Бұл ретте ваучер сақталады», - деп атап өтті Тәрбие және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахимберлин.

Қаржыландыру «бір балаға – бір ваучер» қағидаты бойынша беріледі. Мұндай тетік барлық оқушылар үшін тең мүмкіндік жасап, ашықтықты қамтамасыз етеді және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға жол бермейді.

Айта кетейік, бұл жоба Мәдениет және ақпарат, Туризм және спорт, Оқу-ағарту, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.