Астанада интернет арқылы есірткі таратқан жұп құрықталды

Бүгін, 14:48
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views34
Астанада интернет арқылы есірткі таратқан жұп құрықталды
фото: polisia.kz

Елордада полиция прокуратураның үйлестіруімен өтіп жатқан 30 күндік есірткі қылмысына қарсы іс-шаралар аясында заңсыз әрекетпен айналысқан ер адам мен әйелді ұсталды. Тергеу барысында олардың жалдап тұрған пәтерін есірткі қоймасы ретінде пайдаланғаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

 

Тінту кезінде ерекше иісі бар жасыл түсті шамамен бір келі марихуана тәркіленді. Сондай-ақ олардың тұрғылықты жерінен есірткіні ұнтақтауға, буып-түюге және өлшеуге арналған пластик ыдыстар мен түрлі құралдар табылды.

Қазір екі күдікті де қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Астана қалалық полиция департаменті есірткі заттарын заңсыз сақтау және тарату – аса ауыр қылмыс, ол үшін қатаң жаза қарастырылатынын ескертеді. Тәртіп сақшылары тұрғындарды күмәнді жайттар немесе есірткінің заңсыз айналымына қатысты деректер байқалған жағдайда бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырады.