Елімізде соңғы 5 жылда ұзақ мерзімді депозиттер үш есеге өсті

Бүгін, 11:19
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views38
Елімізде соңғы 5 жылда ұзақ мерзімді депозиттер үш есеге өсті
Фото: Freepik.com

1 тамызда Қазақстан банктеріндегі халықтың ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді салымдарының көлемі 7,9 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% көп, деп хабарлады Elordainfo.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Теңгедегі ұзақ мерзімді депозиттер нарығы тұрақты әрі қарқынды өсімді көрсетіп отыр. Бұл қазақстандықтардың қаржы жүйесіне және ұлттық валютаға деген сенімінің маңызды көрсеткіші. Салыстырмалы түрде алғанда, 2024 жылы мұндай салымдардың көлемі 7,1 трлн теңге, 2023 жылы 5,8 трлн теңге, 2022 жылы 4,1 трлн теңге, ал бес жыл бұрын 2020 жылы небәрі 2,3 трлн теңге болды. Осылайша бес жыл ішінде нарық көлемі 3 еседен астам өсті, орташа жылдық өсім 28%. Қазақстандағы екінші депңгейлі банктер арасында ұзақ мерзімді депозиттер көлемінің өсімі бойынша көшбасшы Отбасы банк болды. Бір жыл ішінде өсім 208,5 млрд теңгені немесе 9,1 пайызды құрады. Жоғары өсім қарқыны көбінесе тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде.

Осылайша Отбасы банк қаржылық тәртіпті қалыптастырудың қозғаушы күшіне болып отыр. Азаматтар шығындарын жоспарлайды, қаражатты жылдар бойы жинап және жинақтау үдерісін нақты өмірлік мақсатпен тұрғын үй сатып алумен байланыстырады. Жылдық ұзақ мерзімді салымдар көлемінің өсімі бойынша екінші орынды Bereke Bank иеленді: өсім 152,6 млрд теңгені құрады. Мұндай динамика негізінен жоғары депозиттік мөлшерлемелермен байланысты, сондай-ақ белсенді маркетингтік кампаниямен түсіндіріледі.

Үшінші орынды Kaspi Bank иеленді: өсім 100,4 млрд теңге. Мұндай өсімнің себебі – мобильді қосымшаның кең танымалдылығы мен жинақтық депозиттің іске қосылуы, бұл факторлар салымшыларды тартуға едәуір әсер етті. Жалпы айтқанда, барлық Қазақстанның екінші деңгейлі банктері өсім көрсеткен жоқ. Қарастырылған 15 қаржы институтының алтауы теріс динамика көрсетті. Осы банктерден депозиттердің шығарылуы 21 млрд теңгені құрады. Осылайша теңгедегі ұзақ мерзімді депозиттердің тұрақты өсуі бір мезгілде халықтың қаржылық сауаттылығының артуын және елдің бүкіл банктік жүйесінің нығаюын көрсетеді.

Бұл трендті экономикалық дамудың оң факторы ретінде қарастыруға болады, өйткені ол ұзақ мерзімді инвестициялардың негізін қалыптастырып, қаржы нарығының ішкі тұрақтылығын арттырады.