Елордаға Мажарстан Президенті ресми сапармен келеді

Бүгін, 19:06
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views60
Елордаға Мажарстан Президенті ресми сапармен келеді
Фото: akorda.kz

Бұл турады Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 1-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді

Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.