Экс-банкир Жомарт Ертаев қайта қамауға алынады — депутат

Бүгін, 11:49
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views53
Экс-банкир Жомарт Ертаев қайта қамауға алынады — депутат
Фото: Жомарт Ертаев/Facebook

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 11 жылға бас бостандығынан айырылған Жомарт Ертаевтың рақымшылыққа ілінуі туралы шешім қайта қаралғанын өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Жомарт Ертаевқа қатысты сот қаулысы бұзылған. 

«Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен Бас прокуратура, Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын», — деп жазды ол.

Бұл дерекке қатысты тағы бір Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи пікір білдірді. Ол прокуратураның қарсылық келтіруі бойынша Жомарт Ертаев қайтадан қамауға алынатын растады.

«Мемлекет қаржысынан 144 млрд теңге ұрлап, түрмеге қамалған Жомарт Ертаев бұдан бірер ай бұрын бостандыққа шығып кеткені еді. Танымал депутат-адвокат Абзал Құспан бұл шешімге қарсы ҚР Бас прокуратурасына протест білдіру жөнінде талап арыз жазған еді. Бүгін сол талап орындалып, прокуратураның қарсылық келтіруі бойынша Жомарт Ертаев қайтадан қамауға алынатын болды.

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалармен бірге қаражатты заңсыз иемденген. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаржы мен мүлікті заңдастырғаны үшін де жауапқа тартылған. Кейін апелляциялық сот бұл мерзімді 9 жылға қысқартты», - деп жазды ол.