Шымкенттік дәрігерлер 104 күн күресіп, шала туған нәрестенің өмірін сақтап қалды

2 қазан, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views69
Шымкенттік дәрігерлер 104 күн күресіп, шала туған нәрестенің өмірін сақтап қалды
Фото: freepik.com

Шымкент қалалық №2 ауруханасының дәрігерлері 104 күн шала туған шақалақтың өмірі үшін күресіп, оны аман алып қалды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 17 маусымда кішкентай Мұхаммедали жүктіліктің 26 аптасында, салмағы 680 грамм, бойы 32 см болып дүниеге келген.

«Бұл – экстремалды шала туу, өмірге аса қауіпті жағдай», - дейді дәрігерлер.

Алғашқы күннен-ақ дәрігерлер тыныс жеткіліксіздігі, қан кету және инфекция қаупі сияқты ауыр диагноздармен күрескен. Нәресте жансақтау бөлімінде аппарат көмегімен тыныс алып, тәулік бойы мамандардың жіті бақылауында болған.

Біртіндеп салмақ қосып, жағдайы жақсарған сәби патология бөлімінде емін жалғастырған. 41 аптада салмағы 2490 грамм жеткен ол дәрігерлердің шешімімен үйіне шығарылған.