«Батыс өңірде»: тағы бір АЭС салынуы мүмкін

«Батыс өңірде»: тағы бір АЭС салынуы мүмкін
Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттігі баспасөз қызметі

Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев жақын арада атом электр станциясын салу мүмкіндігіне қатысты тиісті зерттеу жүргізілетінін айтты.

"Каспий теңізі жағалауы қарастырылуы мүмкін бе?" деген сауалға жауап беру кезінде агенттік төрағасы осы учаскенің болашағы зор екенін атап өтті. 

Орын әлі нақтыланбаған. Бұл өңір шағын және орта қуатты реакторлары бар атом электр станциясының әлеуетті орны ретінде қарастырылып отыр. Осы орайда МАГАТЭ-нің барлық негізгі нұсқауына сүйене отырып, жақын арада атом электр станциясын салу мүмкіндігіне қатысты тиісті зерттеу жүргізіледі.

Бұл бағытта сейсмикалық қауіпсіздікті, су қоймасының болуы және суды жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету жағдайы қарастырылады. Атап айтқанда, агенттікте атом электр станциясын салу үшін батыс өңірді зерттеу жоспары бар және біз бұл учаскенің болашағы зор екенін түсініп отырмыз.