Есіл өзеніне 500 мың тұқы балықтарының шабағы мен ақ амур жіберілді

Фото: ҚР АШМ
29 қыркүйек күні Есіл өзеніне балық жіберудің алғашқы кезеңінде орташа салмағы 10 грамм болатын 367 мыңнан аса тұқы балығының шабақтары жіберілді. Бұл туралы Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Жыл сайынғы балықтандырудың мақсаты – табиғи су айдындарындағы балық қорын сақтау және оны тиімді игеру, сондай-ақ қала тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасау. Бұл жұмыстың барлығы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында қолға алынуда», - делінген хабарламада.
Ал қазан айында екінші кезеңі жүзеге асырылып, «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңында Есіл өзеніне қосымша 237 мыңнан аса ақ амур қосылатын болады.
Ұқсас жаңалықтар

1 қазан, 2025
Астана IT-компаниялардың жаңа орталығына айналып жатыр – Жаслан Мадиев

1 қазан, 2025
Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім әкеледі

1 қазан, 2025
Күштік құрылымдар арасында «Әскер барысы» анықталды

1 қазан, 2025
Астанада ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді