Қайраттың жаңа жұлдызы: Шерхан Қалмырза туралы не білеміз

«Реал Мадрид» пен «Қайраттың» ойынынан кейін болашағы зор футболшы ретінде Шерхан Қалмырза көпшілікке танылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шерхан Қалмырза 2007 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Оның бойы – 187 см, салмағы 75 келі. Қайрат клубының қақпашысы. Ол үйінің тұңғыш баласы. 2022 жылы футболшы «Қайрат» ФК жасөспірімдер командасына қосылып, Қазақстан жасөспірімдер лигасының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол 2024-2025 маусымында жсөспірімдер арасындағы УЕФА лигасында екі мәрте өнер көрсетті.
2024 жылдың аяғында 17 жаста Шерхан «Қайрат-Жастар» резервтік командасына ауыстырылып, 2025 жылдың 17 сәуірінде «Хан-Теңгри» командасына қарсы өткен матчта клуб атынан алғаш ойнады. Ол кездесу 4:1 есебімен жеңіспен аяқталды.
2025 жылғы 20 тамызда Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында Чемпиондар Лигасы іріктеу кезеңінің «Селтик» пен «Қайрат» командалары арасындағы матчы өтті. Шерхан резервтік ойыншы ретінде сол матчқа қатысты.
Қайрат футббол командасының әлеуметтік желідегі парақшасында қақпашының ойынын мақтап, желі оқырмандары «Шерхан жарайсың. Жақсы ойын болды», «Болашағы мықты жігіт екен», «Мбаппенің голдарын қайтарған Шерхан жарайсың» деген секілді пікірлер жазып жатыр.



