Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Бүгін, 12:59
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views63
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
Фото: olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Джакартада (Индонезия) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әртүрлі бағдарламада жүлде үшін алты гимнаст бақ сынайды:

- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар);

- Милад Карими (кермедегі жаттығулар, еркін жаттығулар);

- Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қоссырық пен шығыршықтағы жаттығулар);

- Ильяс Әзізов (еркін жаттығулар, қоссырық және кермедегі жаттығулар);

- Диас Тойшыбек (ат снаряды, қоссырық және кермедегі жаттығулар);

- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар).

Айта кетейік, әлем чемпионаты 19-25 қазан аралығында өтеді. Өткен әлем біріншілігінде Милад Карими еркін жаттығуларда қола медаль жеңіп алған еді.