Президент Кипр халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Кипр Президенті Никос Христодулидисқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никос Христодулидисты Кипр Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, оның отандастарына бақ-береке тіледі.
Қазақстан Президенті Астана мен Никосия арасындағы ынтымақтастықтың аясы жылдан жылға кеңейіп келе жатқанына тоқталды.
Сонымен қатар екі елдің өзара түсіністікке негізделген достық қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Нигерия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

1 қазан, 2025
Тоқаев Нигерия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

1 қазан, 2025
Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес сала сарапшылары сөз сөйледі

1 қазан, 2025
Мемлекет басшысы цифрлық шешімдер көрмесіне барды

1 қазан, 2025
Мемлекет басшысы жасанды интеллект зерттеу университетін ашуды тапсырды