Тоқаев Стэнфорд университетінің профессорына кітабын сыйлады

Бүгін, 14:52
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views36
Тоқаев Стэнфорд университетінің профессорына кітабын сыйлады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Илья Стребулаев венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады. 

Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты.