Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады

Фото: akorda.kz
Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президент әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға Чанпэн Чжаоның қосқан үлесін жоғары бағалады.
Оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Сол сәттен бері елімізде блокчейн және криптотехнология салаларында көптеген перспективті жобалар мен бастамалар іске асырылып келеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:42
Тоқаев Ақордада Мажарстан Президентін салтанатты түрде қарсы алды

Бүгін, 15:07
Президент Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

Бүгін, 14:52
Тоқаев Стэнфорд университетінің профессорына кітабын сыйлады

Бүгін, 11:36
Мемлекет басшысы форум атауын AI Bridge деп өзгертуді ұсынды