«Күліп бара жатыр»: айыпталушылардың туыстары желіде видео тарап, жұрт сынап жатқанын айтты


Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сот отырысы басталмай тұрып айыпталушы тараптың жақындары әлеуметтік желіде сотталушылардың видеосы тарап жатқанын айтты.
«Қай кезде түсірілгенін білмеймін. Сот біткен кезде ме әлде түскі асқа шыққан уақытта ма, сотталушылардың шығып бара жатқанда олардың күлгені видеоға түсіп қалған. Не себепті күлгендерін білмейміз. Бірақ ол тиктокта таралып кетіп, қаншама сөз жазылып жатыр»,- деп шағымданды олар.
Олар желіде тарап жатқан видеода кәмелетке толмаған бала да бар екенін де айтты.
Судья Ержан Жанұзақов осыған қатысты тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.
«Бұл бойынша сот тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - деді судья Ержан Жанұзақов.



