00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қостанай облысында білім беру ұйымдарының 17 басшысы жауапкершілікке тартылды

Қостанай облысында білім беру ұйымдарының 17 басшысы жауапкершілікке тартылды
фото: Polisia.kz

Оқу жылы қарсаңында полицейлер өңірдегі мектептерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін тексеріп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі аға жедел уәкілі Амангелді Бапиновтың айтуынша, дәл осы нысандар террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне енгізілген. Оларға мектепке дейінгі мекемелер, колледждер, жоғары оқу орындары және қосымша білім беру ұйымдары кіреді. 

Осы жылдың басынан экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және қалалық полиция органдары 307 білім беру нысанын тексерді. Бұл ретте 123 нысанда бұзушылықтар анықталды. 

«Анықталған бұзушылықтардың негізінен күзеттің жоқтығы, камералардың жедел басқару орталығына қосылмауы, Оқу-ағарту министрлігінің нұсқаулығына сәйкес бейнебақылау жүйелерінің сәйкес келмеуіне қатысты», – деді А.Бапинов.

ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабының 1-бөлігі бойынша терроризмге қарсы қорғау талаптарын орындамағаны үшін объектілердің 17 басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 12 жеке және 5 мемлекеттік білім беру ұйымына жалпы сомасы шамамен 6 миллион теңгеге айыппұл салынды.

Талаптарға сәйкес келмейтін барлық объектілердің басшыларына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Жыл басынан бері төтенше жағдайлар туындаған кезде іс-қимылдарды үйрету үшін полицейлер 42 мыңнан астам оқушы мен педагогтарды қамти отырып, 518 оқу іс-шарасын өткізді.

Оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда.