«Есікті қатты тоқылдатты»: Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім қамаққа алынды

Бүгін, 20:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views63
«Есікті қатты тоқылдатты»: Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім қамаққа алынды
фото: Оңалхан Өнерхан

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мектеп-лицей мұғаліміне қатысты іс қаралды. Ол кәмелетке толмаған оқушыны ұрып-соғу дерегі бойынша кінәлі деп танылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2025 жылдың наурызында сабақ өткізіп жатқан мұғалім есікті қатты тақылдатқан оқушыға ашуланып, бірнеше рет ұрып жіберген. Салдарынан жәбірленуші тән ауруына ұшыраған, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірілмеген.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушінің жауабымен, бейнежазбалармен және іс материалдарындағы өзге де айғақтармен толық дәлелденді», - делінген соттың хабарламасында.

Прокурор сотталушыға қамаққа алу жазасын сұрады. Жәбірленуші де кешірім бермейтінін айтып, қатаң жаза қолдануды талап етті. Ал сотталушы айыбын мойындап, жеңіл жаза беруді өтінген.

Сот оның кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіргенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын жағдайлар анықталмаған.

Нәтижесінде мұғалім 25 тәулікке қамаққа алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.