Әлеуметтік желіде жер сілкінісі кезінде Таразда түсірілген видеолар тарады (ВИДЕО)

Түнгі 01.29-да еліміздің оңтүстік өңірінде жер сілкінісі тіркелді. Тұрғындар жер сілкінісі кезінде түсірілген кадрларды желіде жариялап жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жер сілкінісі Тараз қаласында және Жамбыл облысының тоғыз елді мекенінде қатты сезілді, ол жақта есептік қарқын 4 балл болса, Шымкент, Түркістан және Түркістан облысының басқа да аудандарында 3-2 баллға жетті.
«Жер сілкінісінің дүмпулері Жамбыл және Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында сезілді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым қашықтықта орналасқан. Магнитудасы MPV 5,9 болды», - делінген ТЖМ ресми Telеgram арнасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штаб құрып, жедел желі ашты. Министрлік өңірлердегі жағдайдың тұрақты екенін атап өтті.