Елімізде 35 млн тонна мал азығы дайындалды

Бүгін, 11:40
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views56
Елімізде 35 млн тонна мал азығы дайындалды
Фото: ҚР АШМ

Биылғы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АШМ дерегінше, жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Солтүстік Қазақстан облысында (125, 2%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), сондай-ақ Жетісу облысында (104,5%) жоспардың қажетті мөлшері орындалғаны байқалады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,7 млн тонна шөп (100,9%), 1,8 млн тонна пішендеме (108,6%), 2,7 млн тонна құрамажем (48,9%), 1,8 млн тонна сабан (88,0%), 3,7 млн тонна сүрлем (79,6%) дайындалды.

«Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - делінген АШМ хабарламасында.