Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясын талдады (ВИДЕО)

Бүгін, 12:20
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views55
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясын талдады (ВИДЕО)
Фото: Pixabay.com

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы талданды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік желілерді лезде қамтып, қоғамда алаңдаушылық тудырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал ететін жарияланымдардың күрт артуы жайлы талқыланбақ. Мұндай толқындар өздігінен пайда болмайды: олардың артында тұтас технологиялар тұр - боттар желісі, тапсырыс берілген пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды ақпараттық «вбростар». Мақсат – қоғамды алаңдаушылыққа батырып, жаппай наразылықтың жалған иллюзиясын қалыптастыру.
 

«Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сізге шынайы мәселені қолдан жасалған ақпараттық себептен ажыратуға көмектеседі. Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және бұл мәліметпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз», - делінген хабарламада.