Абай, Ақмола және Павлодар: Қазавтожол өңір тұрғындарын жолда сақ болуға шақырды

Абай, Ақмола және Павлодар: Қазавтожол өңір тұрғындарын жолда сақ болуға шақырды
Фото: https://t.me/qazavtojol

Қазавтожол бүгін Абай, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр болжанып отырғанын жазып, республикалық жолға шыққан тұрғындарға сақ болуға шақырды.

2025 жылғы 6 қазан Абай, Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр күтілуде.
  
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
     
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады, - делінген ақпаратта.