Қызылорда облысында жасөспірімдер мүгедек баланы қорлаған

Бүгін, 17:02
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views70
Қызылорда облысында жасөспірімдер мүгедек баланы қорлаған
Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде жазылғандай, жәбірлеушілер баланың аяғын күйдірген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қызылорда Полиция департаменті мәліметінше, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша тергеу жүргізілуде. Полиция департаментінің бастығы қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды», - деп толықтырды ПД.