Астанадағы әскери бөлімде Президент Жолдауындағы негізгі міндеттер талқыланды

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 3656 әскери бөлімінде «Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы» тақырыбында ақпараттық сағат өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, оған Парламент Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Болат Керімбек, Республикалық Әкелер одағы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы әкімдігі жасөспірім балалар құқығын қорғау комиссиясының мүшесі, Астана қаласы «Бала толағай» федерациясының президенті Бекдайыр Күзембай және әскери қызметішлер қатысты.
Спикерлер Жолдаудың негізгі бағыттарына кеңінен тоқталды және оның ел дамуындағы маңыздылығын баса назар аударды. Сондай-ақ олар ұландық сарбаздарға Президент Жолдауының әлеуметтік-экономикалық, саяси және қауіпсіздік саласындағы бастамаларды түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында әскери қызметшілерге тәртіп пен жауапкершілік болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі басты құндылықтардың бірі екендігі айтылды.
Айта кетейік, мұндай кездесулер әскери қызметшілердің саяси сауаттылығын арттырады және мемлекет алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге септігін тигізеді.



