Елордада Тұрар Рысқұлов көшесінің салынып жатқан бөлігі ашылды

6 қазан, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views61
Елордада Тұрар Рысқұлов көшесінің салынып жатқан бөлігі ашылды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Тұрар Рысқұлов көшесінің салынып жатқан бөлігі ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары үшін ыңғайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Осыған байланысты Т.Рысқұлов көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Нұра өзеніне дейінгі учаскесінің ашылды.

«Аталған учаскеде жол құрылысына қатысты ауқымды жұмыс жүргізілді: көшенің жарықтандыру жүйесі, бағдаршам нысандары және жол қозғалысын реттеуге қажетті барлық белгі орнатылды. Тротуарларды абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.Бұл учаскенің ашылуы көлік қозғалысының жылдамдығын айтарлықтай арттырып, қалалық магистральдердің жүктемесін азайтады. Жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтап, жаңа жол учаскесінде мұқият болуды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.