«Жоспардың 65 пайызы орындалды»: Елімізде жылыту маусымына қанша тонна көмір қажет

Бүгін, 16:45
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views40
«Жоспардың 65 пайызы орындалды»: Елімізде жылыту маусымына қанша тонна көмір қажет
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов қатты отынмен қамтамасыз ету бойынша кеңестер өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Жиындарға «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ өкілдері, көмір өндіруші кәсіпорындар мен сыртқы сауда қызметінің мамандары қатысты.

Өңірлердің көмір дайындау жоспарларының орындалуы, жартылай вагондармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ өңірлік операторлардың қызметі туралы есептер тыңдалды.

«Бүгінгі таңда халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың жылыту маусымына қажеттілігі 7,4 млн тонна көмірді құрайды. Өңірлер бойынша көмір дайындау көлемі 4,8 млн тоннаға жетіп, жоспардың 65 пайызы орындалды. Жалпы, Энергетика министрлігі өңірлерді көмірмен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстайды», - делінген ҚР Энергетика министрлігінің хабарламасында.