Арманы орындалды: изолентамен жейде жасаған жанкүйеріне Дастан Сәтпаев жейдесін сыйлады

Фото: видеодан скриншот
Жас жанкүйер «Қайрат» клубындағы сүйікті ойыншысымен кездескен сәтінен бейнеролик әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қайрат» футбол клубының әлеуметтік желідегі парақшасында таратқан мәліметке сүйенсек, кішкентай жанкүйер қара жейдеден және сары изолентамен «Қайраттың» қолдан жасалған формасының артына сүйікті ойыншысы Дастан Сәтпаевтың есімін жазған. Кейін сол форманы киіп, ойынды тамашалаған.
«Оның есімі – Ықылас. Ол Түркістанда тұрады. Біз оны клубтың жаттығу базасына шақырдық. Ол жақта бала сүйікті ойыншысымен кездесті. Дастан Сәтпаев оған қолтаңбасы бар ойын жейдесін сыйлап, сәттілік тіледі. Бұл күн Ықыластың жадында мәңгі қалады», - деп жазды клубтың ресми парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:22
Тұтынушылар құқығы: Таразда жанармай бекетіне айыппұл салынды

Бүгін, 16:45
«Жоспардың 65 пайызы орындалды»: Елімізде жылыту маусымына қанша тонна көмір қажет

Бүгін, 15:37
«Дорстройтрест»: Астанада көппәтерлі тұрғын үйдің ақшасын заңсыз иемденген ЖШС басшысы сотталды

Бүгін, 15:18
Белгілі әнші Тамара Асардың ұлы көз жұмды