Елімізде 20,8 млн тонна астық бастырылды

Бүгін, 14:59
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views58
Елімізде 20,8 млн тонна астық бастырылды
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Қазіргі таңда 13,3 млн гектар, яғни жалпы егіс алқаптарының 83 пайызы жиналды. Нәтижесінде 20,8 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинады.

«Атап айтқанда, 324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімділікпен 355,2 мың тонна сәбіз жиналды. Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтуде», - делінген хабарламада.