2025 жылы 80 мың шетелдік қазақстандық медицинаның көмегіне жүгінді - министр

Бүгін, 12:59
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views64
2025 жылы 80 мың шетелдік қазақстандық медицинаның көмегіне жүгінді - министр
Фото: freepik.com

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі медициналық туризмнің дамуы туралы БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Медициналық туризм - Қазақстан үшін де, барлық мемлекеттер үшін де экономикалық қосымша қаржы табудың бір көзі. Сондықтан оған министрлік тарапынан үлкен мән беріліп отыр. Біз Спорт және туризм министрлігімен бірлесе отырып жақында Ақтауда үлкен жиын өткіздік. Келесі аптада Алматы мен Астана қаласына 20-дан астам мемлекеттің өкілдері және еліміздегі жоғары ғылыми орталықтардың мамандары бас қоспақ. Осының нәтижесінде жұмыс жетілдірілетін болады. Бүгінгі таңда жыл басынан бері 80 мың шетелдік азамат еліміздегі медицина көмегіне жүгінді. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдармен салыстырғанда едәуір өсті. Кейбір бағыттар бойынша біз залықаралық деңгейге жеттік деп айта аламыз. Оның ішінде кардиохирургиялық, нейрохирургиялық операциялар мен стамотологиялық қызметтердің сапасы мен бағасы шетелден келген азаматтарға қолайлы болып табылып отыр. Сонымен қатар ЭКО де бүгінгі таңда үлкен сұранысқа ие. Біз бұл жұмыстарды әрі қарай жетілдіреміз», - деді А.Әлназарова.