Жеңіс Қасымбек астаналықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

1 мамыр, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Жеңіс Қасымбек астаналықтарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады
Фото: Instagram/Jenis_Qasymbek

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті елорда тұрғындары! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі шуақты мереке күнтізбемізде ерекше орын алады. Бұл мейрам әртүрлі этнос өкілдері арасындағы ауызбіршіліктің, достық пен өзара сыйластықтың символына айналды.

Бірлігіміз, бір-бірімізге деген сый-құрметіміз және еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершілік – егемендігімізді нығайтып, әрқайсымызға қуат беретін негізгі құндылықтар.

Ауызбіршілігіміз бен татулығымыздың арқасында елордамыз нық қадам басып, ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр әрі озық идеялардың орталығына айналып келеді. Бүгінгі мерекеге орай баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және толағай табыс тілеймін!», - деді Жеңіс Қасымбек