«Жария секторы» ақпараттық сервисі қолжетімді болды

10 сәуір, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Жария секторы» ақпараттық сервисі қолжетімді болды
Фото: ҚР Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің «Жария секторы» ақпараттық сервисі қоғамға ортақ қолжетімді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жария секторы – қылмыстық процеске қатысушыға интернет арқылы ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, қабылданған процестік шешімдер туралы сотқа дейінгі тергеп- тексерудің біріңғай тізілімі (әрі қарай - СДТБТ) бар және өзге де мәліметтерге, өзіне немесе ол қорғайтын адамға қатысты қылмыстық істің материалдарына қашықтықтан қол жеткізуге, арыз және өтінішхат беруге мүмкіндік беретін функционал болып табылады.

Қылмыстық процеске қатысушыларға процестік мәртебесін алған сәттен бастап, ҚР ҚПК-нің бабының талаптарын сақтай отырып жария секторы арқылы қабылданған процестік шешімдер туралы, өзіне қатысты қылмыстық іс материалдары туралы немесе ол қорғалатын адам туралы СДТБТ-дағы қолда бар және өзге де мәліметтерге және ҚР ҚПК-нің 13-тарауында көзделген өтінішхаттарды, арыздарды беруге және оларға электрондық форматта жауап алуға қолжетімділік береді.

Қылмыстық процеске қатысушылар – қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделердi қорғайтын тұлғалар: прокурор (мемлекеттiк айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, күдіктi, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбiрленушi, жекеше айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi және өкiлдерi болып табылады.

Жария секторында жұмыс жасау үшін қылмыстық процеске қатысушыларда интернеттің, ЭЦҚ-ның болуы және жария секторда міндетті түрде тіркелуі қажет.

Қылмыстық процеске қатысушыларға қолжетімділікті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуші адам ҚР ҚПК-де көзделген шектеулерді ескере отырып, бекітілген көлемде береді.

Жария секторына қолданушылар qamqor.gov.kz сілтемесі арқылы кіріп, тіркеле алуға мүмкіндіктері бар.

Б. Елькеева,

ҚР БП ҚСжАЕАЖ Комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті бөлімінің аға прокуроры