«Таза Қазақстан»: онлайн-платформаға астаналықтардан 1600-ге жуық өтініш түсті

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы қала тұрғындарының өтініштері белсенді түрде қабылданып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әрбір қала тұрғыны «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыру мәселесін қозғай алады. Жүйе жұмыс істей бастағалы бері 1600-ге жуық өтініш түсті, оның 1362-сі орындалды. Қалғаны – өңделу сатысында.
Өтініштердің негізгі санаттарына абаттандыру, жарықтандыру мәселелері, жол жөндеу, көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жатады.
Ескертулер уақытылы өңделеді, бұл тұрғындар үшін қолайсыздықты азайтуға көмектеседі.
Қала тұрғындарымен белсенді байланыс орнатылып, олардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 16:24
Тамыз конференциясы: Астана қалалық ұстаздар форумы өтіп жатыр

Бүгін, 16:13
«Қонақүй брондауды растамаған»: Елордалық полицейлер Швейцариядан келген туриске көмек көрсетті

Бүгін, 14:11
Елордада SOS батырмасы арқылы жоғалған қыз табылды

Бүгін, 13:14
Биыл елордада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатыр