Сарыарқа ауданындағы 6 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды

Фото: О.Сүлейменов
2024 жылдың құрылыс маусымының соңғы кезеңі аясында Сарыарқа ауданы абаттандыру жұмыстарын белсенді жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осы айда 6 аулада күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Олар: Г.Потанин көшесі, 18, Конституция көшесі, 14/1, І.Есенберлин көшесі, 19, Республика даңғылы, 29, Сарыарқа даңғылы, 41 және Сарыарқа даңғылы, 43 мекенжайларында орналасқан.
«Бұл аумақтарды абаттандыру жұмыстарына тас төсемін жаңарту, жаңа ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ демалыс орындарын жайластыру кіреді. Атқарылған жұмыстар тұрғындардың жайлылығын арттырып қана қоймай, ауданның жалпы көркін жақсарта түсетініне сенімдіміз», - дейді аудан әкімі Бауыржан Ералы.
Ұқсас жаңалықтар

18 қазан, 2025
Астанада аула сыпырып жүрген жұмысшыларды полицейлер ұстап әкетті

18 қазан, 2025
Астанада такси жүргізушісі есірткімен ұсталды

18 қазан, 2025
Respublica жастарға сөз берді: Астанада Jas Republic Cup II дебат турнирінің финалы өтіп жатыр

18 қазан, 2025
Астанада қалалық STEM олимпиадасы өтіп жатыр